Accessibility links

Сталиндік қуғын-сүргін тауқыметі. ІІІ-бөлім


Совет үкіметі тұсында Йосиф Сталиннің жасаған тазалау-қырғын науқанының 70 жылдығы Ресей бойынша белгіленуде. Алайда, қазіргі кезде Ресей мен бұрынғы Совет республикалары Сталинді қалай бейнелеуде деген сауал дау туғызуда. Жыл басында президент Владимир Путин Ресей өз тарихында адамазат алдында айыпты болатындай ешнәрсе істеген жоқ, деді. Үлкен террор атты хабарлар тізбегінің бұл жолғы 3-і бөлімінде Сталинді жағымды кейіпкерге айналдыруға тырысушылық жайы сөз болады.

Арсений Рогинский мырза - Сталин заманының шындығын айтуды мақсат тұтушы, адам хұқын қорғаушы Мемориал тобының төрағасы. Оның айтуынша, «үлкен ұлттың данышпан басшысы ретінде Сталинді бейнелеу қайта орала бастады».

- Ешкім де ол үлкен қырғынды ақтамайды. Алайда ол Үлкен террор кейінгі орынға ысырылып қалғандай. Террор деген, әрине, үлкен бақытсыз жағдай болды. Алайда, «Сталиннің ұлы елді қалыптастыруы одан гөрі маңыздырақ еді. Ол соқа айдаған елді атомдық державаға айналдырды» деп айтылуда ол бейнелеулерде, - дейді Рогинский.

Тағы бір дау туғызып отырған мәселе - мектеп оқушыларына арналған тарихи оқулықтарда үлкен қырғын тарихының сипатталу тәсілі болып отыр. Сондай оқулық ауторларының бірімен Рогинский сөйлесіп көрген екен.

«Тарих жөнінде біз оқушыларға бір-ақ нұсқа ұсына аламыз. Альтернативті нұсқа болмауы тиіс. Және ол нұсқа бақытты жағдайды көрсетуі керек», деп жауап берген екен. Ауторлар осылайша өз еңбектерін қорғауда. Және оларға ресми түрде Кремль тарапынан мақұлдау болған-ды. Осы жылдың басында президент Владимир Путин Ресей өз тарихында адамзат алдында айыпты болатындай ешнәрсе істеген жоқ, деді.

«Біз адамзатқа қарсы ядролық қару қолданған жоқпыз және фашизм сияқты тарихымыздың қаралы беттері де болған жоқ», - деді Путин.

Ресей теледидарында да “Сталиннің өмірі” деген 40 бөлімнен тұратын фильм көрсетілді. Сыншылардың айтуынша, көптеген істеріне өкінген совет басшысын көрсеткенімен, негізінен бағдарлама Сталинді сүйкімді келбетте сомдауға ұмтылған.

Сталиннің дәуірі жөніндегі осындай қайта түсіндірмелер бұрынғы Совет республикаларына да жайыла түсті. Мысалы, Сталин жөнінде әңгімелер жазған Қырғыз жазушысы Кочкон Сактанов жылы пікір білдіруде. Беларус елінде, мысалы, Сталиннің бейнесі елді Ұлы Отан соғысынан алып шыға алған тұлға ретінде бейнеленуде. Минскіде бірнеше қоғамдық ғимараттарға Сталиннің аты беріліп, оның мүсіні Свислач қаласына қойылды.

Ал, Сталин репрессиясының құрбандарына қолдау көрсететін Беларустардың Азаматтық ұйымы болса 2007-ші жылды еске алу жылы деп жариялады. 1937-ші жылдың 29-шы қазанында Минскідегі үкімет агенттері 100-ге жуық Беларус интеллигенция өкілдерін өлтірген болатын. Олардың арасында 22-дей белгілі жазушы бар еді. Осы күнді репрессия құрбандарын еске алу күні ретінде белгілеуді аталған ұйым Беларус билігінен сұрап келеді. Алайда ол өтінішке ел билігі жауап бере қойған жоқ. Сондықтан Беларустардың Азаматтық ұйымы бұл күнді атап өту үшін тәуелсіз шаралар ұйымдастыруды жоспарлауда.

Мәскеу тұрғыны, 74 жасар Сюзанна Печура 1950-ші жылдары саяси тұтқындар лагерінде 6 жылдай отырған екен. Сталин бейнесін бұлайша қайта жаңғыртуды ол тарихи жағынан кері кеткендік, деп бағалап отыр.
XS
SM
MD
LG