Accessibility links

Ирақтағы террористер 2 тонна қопарғышты жарып, 400-дей адамды қырды


БАҒДАД: Ирақтың сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні жанпидашыл-террористер елдің солтүстік-батысында іске асырған жарылыстардан қаза тапқандардың саны кемінде 400-ге жеткенін мәлімдейді. Алдыңғы ресми мәлімет бойынша, ол 250-ге тең болатын. Министрліктің өкілі генерал Абдул-Кәрім Әл-Халаф хабарлағандай, Сирия шекарасына жақын қышлақтарды жару үшін террористер 2 тонна қопарғышты пайдаланған. Жарылыстан талай баспана-үй қирап, тұрғындары бүкіл жанұяларымен қираған баспанасының астында қалды. Ал сәрсенбі күні Бағдадтың солтүстік шетінде көтерілісшілерге қарсы шайқаста АҚШ-тың 2 жауынгері оққа ұшып, 6-ы жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG