Accessibility links

АҚШ-тың ипотекалық проблемалары әлем экономикасына теріс әсерін тигізе бастады


НЬЮ-ЙОРК: АҚШ-тың ипотекалық несиелеу нарығындағы проблемалар мен оның бүкіл әлем экономикасына кесірін тигізу қаупінің төнуі салдарынан бүгін дүние жүзінің қор биржаларындағы бағаның құлдырауы тағы жалғасты. АҚШ-тағы Уолл-стрит биржасы енді ашылды, ал Париж бен Лондонның биржаларындағы бағаның индекстері түске қарай шамамен 3 пайызға төмендеді. Ал бүгін Азияда, оның ішінде Сеулдың қор биржасындағы сауда - бағаның индексі 7 пайызға жақындап аяқталса, Шанхайда акциялардың құны 2 пайыздан төмен арзандады, Токио биржасында да осындай арзандау тіркелді.
XS
SM
MD
LG