Accessibility links

АҚШ Парсы шығанағы елдеріне сататын қаруын 25 пайызға дерлік ұлғайтады


ИЕРУСАЛИМ: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс Американың Израильге қару сатуының ауқымын кеңейтуге міндеттеме алатын жаңа құжатқа қол қойды. Келісімге сәйкес, ресми Вашингтон 10 жылдан асатын кезеңнің ішінде Израильге 30 млрд. доллардың қаруын көмек ретінде береді. Жаңа келісім бойынша, әскери көмектің ауқымы алдыңғысынан 25 пайызға ұлғаяды. Өткен айда АҚШ Сауд Арабиясы мен Мысырға және Парсы шығанағының өзге елдеріне миллиардтаған доллардың қаруын сататынын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG