Accessibility links

Оңтүстіккореялықтарды босату үшін Талибан өз үзеңгілестерін босатуды талап етеді


КАБУЛ: Бүгін Ауғанстанда тәліптер тұтқындаған 19 кәріс азаматын босату жөнінде “Талибан” қозғалысы мен Оңтүстік Кореяның дипломаттары арасындағы тікелей келіссөз қайта жалғасты. Келіссөз Оңтүстік Кореяның 23 діни христиан миссионері тұтқынға түскен Ауғанстанның Газни облысында өтіп жатыр. Тәліптер олардың ішінен 2 ер кісіні атып өлтіріп, 2 әйелді босатты. Тәліптер тұтқын кәрістерді өздерінің түрмеде отырған үзеңгілестеріне айырбастауды талап етуде. “Азат Ауғанстан” Радиосына Газни облысының әкімі хабарлағандай, тәліптердің осы шартына ауған үкіметінің келісу ниеті жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG