Accessibility links

Чех соты өзбек босқынын қамаудан босатты


Әндіжаннан қашқан өзбек босқыны Омонулло Мақсұдовты өткен айда чех-герман шекарасынан өтерде Интерпол ұстаған болатын. Кеше бейсенбі күні Чехия республикасының соты оны бостандыққа жіберді. «Азаттық» радиосы өзбек редакциясының хабарлауынша, Мақсұдовтың Германияда босқын деген ресми мәртебесі болған. Омонулло Мақсұдов 2005 жылғы мамыр айындағы Әндіжан оқиғасында зардап шеккен жүздеген жергілікті тұрғындардың арасында болған. Адам хұқтарын қорғаушылары мен халықаралық топтар Әндіжан көтерілісінде үкіметтік күштердің халыққа қарсы қару қолдануынан жүздеген адам опат болды деп есептейді.
XS
SM
MD
LG