Accessibility links

Талибан тұтқынындағыларды босату келіссөздерінде алға жылжушылық байқалмайды


Халықаралық Қызыл крест қоғамы өкілдерінің айтуынша, Ауғанстандағы талибан мен Оңтүстік Корея делегациясының арасындағы кепілдік тұтқынындағы 19 адамды босату туралы келіссөздер әзірге еш нәтиже бермеген. Тараптар Кабулдың оңтүстігінде кездескен. Талибан Ауған үкіметі түрмедегі сегіз талибандықты босатуы керек деген талапты тағы да алға тартқан. Қызыл крест жұма күні келіссөздердің жаңа айналымы бола ма, жоқ па ол жағы белгісіз дейді. Өткен айда Талибан қолға түсірген оңтүстік кореялық 23 гуманитарлық қызметкердің екеуін өлтірген, ал екі әйелді бұрнағы күні босатқан болатын.
XS
SM
MD
LG