Accessibility links

Ауғанстанның Тора-бора аймағында талибандарға қарсы жаңа шабуылдар жүргізілуде


Елдің шығысында АҚШ және ауған жасақтары әуеден де, жерден де талибандық жаугерлерге қарсы шабуылдарды бастады. Ауған ресмилерінің айтуынша, 250-дей отбасы бұл аймақтан басқа жаққа көшірілген. Бұл таулы аймақ Әл-қаида жетекшісі Осама бин Ладеннің жасырынған соңғы мекені ретінде белгілі. 2001-ші жылы желтоқсан айында АҚШ әскерлері Тора-бора үңгірінде Осама бин Ладенді ұстау операциясын жүргізген болатын, бірақ ол сәтсіз аяқталған-ды. АҚШ әскерилерінің айтуынша, қазіргі операциялар көтерілісшілерді көздеп өткізілуде.
XS
SM
MD
LG