Accessibility links

Перудағы зілзаладан қаза болғандар саны 510-нан асты


Ақпарат көздеріне қарағанда, сәрсенбі күні болған Перудағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 510-нан асты және тағы өсуі мүмкін. Лимада құлаған үйлер үйіндісінің астында қалғандарды құтқару шаралары жалғасып жатыр. Ең қатты зардап шеккен аймақ оңтүстік жағалау болып отыр. Зілзаланың күші 8 балл болған. БҰҰ-ы бір млн доллар көмек береміз деді. Басқа да елдердің үкіметтері мен халықаралық агенттіктер бұл аймаққа қолдаударын танытып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG