Accessibility links

Ресей Грузиядағы зымыран оқиғасының БҰҰ-ында қаралуына тосқауыл қойды


Ресей Құрама Штаттардың Грузияның әуе кеңістігіне кірген белгісіз қырғи ұшақтар жөніндегі жанжалды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына шығармақ болған әрекетіне тосқауыл қойды. Грузия өз әуе кеңістігіне Ресей ұшақтары заңсыз кіріп, зымыран тастады деп айыптап отыр. Тамыздың 6-да тасталған ол зымыран жарылмай қалған. Мәскеу бұл оқиғаға өздерінің қатысы жоқ екенін айтуда. Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Қауіпсіздік Кеңесінің қадамдарын “асығыстық” деп атап, бүгін Ресейдің жоғары деңгейдегі әскери делегациясы бұл жағдайды анықтау үшін Тбилисиге кеткенін айтты. Олар Грузияның зымыран құлаған ауылдық жеріне барып, тексеру жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG