Accessibility links

Қазақстанда 8,8 сайлаушы тізімге алынған


«Электронды сайлау жүйесіне» сенімсіздік білдірген оппозициялық «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы өткен сайлауларда «Электронды сайлау жүйесін» түңгі сағат үште қоса бастаған, бұл заңға қайшы дейді олар. Осыған орай Жоғарғы сот шешімінен кейін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы «Электронды сайлау жүйесі» бар сайлау учаскелері таңғы сағат 6-да, яғни дауыс беруге бір сағат қалғанда ашылады деген қаулы шығарды.

Оппозициялық «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда парламент мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауында қолданылғалы отырған «Электронды сайлау жүйесі» сенімсіз. Өйткені, операторлар билік партиясының дауыстарын көбейтіп жіберуі мүмкін деп отыр олар. Партия өкілдерінің айтуынша, сайлау туралы заңда жазылғандай «Электронды сайлау жүйесімен» дауыс берген адам, тіпті өз құқының бұзылғандығы жөнінде шағым жаза алмайды екен. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» өкілі Темірәли Тәшімбетовтың айтуынша, олар Қазақстан Орталық сайлау комиссиясына Жоғарғы сотқа шағымданып сайлау туралы заңның 40-ыншы бабында жазылғандай «Электронды сайлау жүйесін» дауыс беруге бір сағат қалғанда қосу керек деп шағымданған. Өйткені, комиссия заңды бұзып, жүйені бірнеше сағат бұрын қосқысы келеді, дейді Тәшімбетов.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова болса бұған дейінгі сайлауларда «Электронды сайлау жүйесін» ерте қосқандықтарын мойындады. «Бұрын біз «Электронды сайлау жүйесі» бар сайлау учаскелерін түңгі сағат 3 ашатынбыз, өйткені жүйенің дайындығын тексеру керек болған, бірақ жоғарғы соттың шешімімен бұл уақыт өзгертілді», дейді Охлопкова.

Оның айтуынша енді дәстүрлі қағаз бюлетеньдер қолданылатын учаскелерде «Электронды сайлау жүйесі» бар сайлау учаскелеріде бір уақытта таңғы сағат 6-да дауыс беруге бір сағат қалғанда ашылады. Ал дауыс беру 7 басталып кешкі сағат 8-де аяқталады. Түркиядан келген бақылаушы парламент депутаты Кемал Анадулдың айтуынша Түркияда «Электронды сайлау жүйесі» мүлде қолданылмайды, бірақ оған сенімсіздік жасағаннан емес, дәстүрлі жүйе экономикалық тұрғыдан арзанға түседі, дейді бақылаушы.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов болса «Электронды сайлау жүйесін» пайдаланар кезде дауыс беру құпиялығы сақталады, оған мен кепілдік беремін деген мәлімдеме жасады. «Әлбетте бұл жүйеге сын көп, бірақ сұрақтар жүйені білетін мамандардан емес көпшілігінде техникалық білімі жоқ саясаткерлерден естіледі», деді Тұрғанқұлов. Комиссия өкілдерінің айтуынша электронды сайлау жүйесі 1500-ден астам учаскелерде орнатылады. Ол 2 миллионнан астам адамға дауыс беруге мүмкіншілік береді. Бұл дауыс беруге құқы бар адамдардың 33 пайызы. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың мәліметінше, Қазақстанда дауыс беруге құқы бар 8 миллион 800 мың адам тіркелген.
XS
SM
MD
LG