Accessibility links

Иранның 6 революцияшыл сақшысы Ирақпен шекарада қаза тапты


Иранның ақпарат көздері хабарлағандай, елдің революцияшыл күштерінің алты сақшысы Ирақ шекарасына жақын жерде тікұшақ апатынан мерт болды. Ол жасақ бұл аймақтағы Күрд көтерілісшіл тобына қарсы әскери операция үшін жиналған, ауа-райы бұзылғанда тікұшақ жерге құлаған. Түркия және Ирақпен шекаралас аймақта Иранның күзет сақшылары жиі Күрд жасақтарымен қақтығысып қалады.
XS
SM
MD
LG