Accessibility links

Ауғаныстанның оңтүстігіндегі жарылыстан 9 адам қаза болды


Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Қандағар провинциясында орын алған жарылыстан 9 адам қаза болды. Жарылысты көргендер оны бір жанкешті көлікке бомба қойып жарғанын айтты. Онда нысанаға АҚШ күштерінің базасы алынған болуы керек. Қандағардағы Азаттық тілшісі, ол жарылыстан кемінде 15 адам құрбан болуы мүмкін деп отыр. Қаза тапқандардың ішінде Ауғанстанның қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындар бар.
XS
SM
MD
LG