Accessibility links

Пәкістан армиясы 3 тәліпке қоса, 4 бейбіт тұрғынды – 2 ана мен 2 сәбиді өлтіріп алды


ИСЛАМАБАД: Пәкістан армиясының хабарлауынша, бүгін соғыс тікұшақтары ауған шекарасына жақын Солтүстік Вазиристан өлкесіндегі 2 бекініске соққы беріп, 3 тәліптің көзін жойды. Хабарға қарағанда, бұл шабуылға сенбі күні түнде осы өлкеде тәліптердің бірқатар тосын шабуыл ұйымдастырып, қауіпсіздік күштерімен арада қақтығысуы себеп болды. Әуе соққысынан, сондай-ақ, 4 бейбіт тұрғын, оның ішінде 2 әйел мен 2 сәби мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG