Accessibility links

Қазақ оппозициясы сайлауды “көзбояушылық”, ал ЕҚЫҰ-ы сайлауды “халықаралық стандарттарға лайық емес” деп бағалады


АСТАНА: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиялары Қазақстандағы сенбі күні болып өткен кезектен тыс парламент сайлауын халықаралық стандарттарға лайық емес деп бағалады. Аталған ұйым берілген даыстарды есептеу үрдісінің жабық болғанын және парламентке өтуге қажетті 7 пайыздық меженің тым биік екенін атап көрсетеді. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстандағы паламент сайлауында президент Н.Назарбаев бастаған “Нұр Отан” партиясы 88 пайыздан астам дауыспен жеңіске жетіп, басқа бірде-бір партия 7 пайыздық межеден өте алмады. Алайда, оппозициядағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауда 7 пайыздан әлдеқайда көп дауыс жинағанын мәлімдеп, социал-демократтар сайлаудың өзін “барып тұрған көз бояушылық” деп бағалады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG