Accessibility links

Тайланд халқы армия басшылығы ұсынған жаңа конституцияны мақұлдады


БАНГКОК: Тайландта осыдан 1 жыл бұрын әскери төңкеріс ұйымдастырған армия басшылығы ұсынған жаңа конституция жалпыхалықтық референдумда мақұлданды. Бастапқы қорытынды бойынша, оны дауыс бергендердің 68 пайызы қолдаған. Ресми билік егер жаңа Ата заңның жобасы қабылданатын болса, жыл соңына қарай елде сайлау өткізуге уәде берді. Бірақ армияның бас қолбасшысы егер жоба мақұлданбайтын болса, өзінің пікірінше, бұрынғы конституциялардың “ең лайықты” деген үлгісін өзі таңдайтынын ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG