КАБУЛ: Бүгін Кабулдағы бір мейрамханадан сенбі күні ұрланған неміс әйелі түсірілген бейнесюжет шықты. Ол әйел өзі ұстап отырған парақтан жергілікті дари тілінде жазылған хатты оқып, өзінің халі “жақсы” екенін хабарлап, Германияны өзін босату үшін “барлық шараны жасауға” шақырады. Ауғанстанның жеке-меншікті “Толо” телеарнасынан берілген бейнесюжеттен әйелдің “Кристина Барбара Майэр” деген есімі жазылған төлқұжаты көрсетілді. Сюжетте бетін байлап алған кісі Ауғанстанда түрмеде отырған белгісіз біреулерді босатуды талап етеді. “Толо” телеарнасы бұл материалды қалай алғанын хабарламайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?