Accessibility links

Иордания патшасы ескі парламентті таратты, бірақ сайлауды тағайындаған жоқ


АММАН: Бүгін Иордания патшасы Абдулла парламенттің 110 депутаттан тұратын төменгі палатасын тарату туралы жарлыққа қол қойды. Елдегі келесі парламент сайлауы қараша айында өтуге тиіс. Бүгін патшаның сарайы хабарлағандай, төменгі палата дүйсенбіден бастап таратылған болып есептеледі, бірақ қарашаның соңына белгіленген парламент сайлауының нақты қай күні өтетіні белгісіз. Иорданиядағы соңғы парламент сайлауы 2003-інші жылы болды.
XS
SM
MD
LG