Accessibility links

Бір тамыз айында Ирақта 2 облыстың әкімі қастандықпен өлтірілді


БАҒДАД: Ирақтың оңтүстігінде Әл-Мутанна провинциясының әкімі Мұхаммад Әли Әл-Хассани қаза тапты. Ол отырып келе жатқан автокөлік Ас-Самава қаласына қарай жүріп келе жатқан кезінде жолға қойылған бомбаға жарылып, әкімнің кем дегенде 5 оққағарыды жараланды. Әл-Хасани – Ирақтағы шийттердің ірі партиясының мүшесі болатын. Оның қазасынан кейін Ас-Самава қаласына комендант тәртібі орнатылып, автокөліктердің жүрісіне шектеу қойылды. 11-інші тамыз күні шийт партиясының тағы бір мүшесі әрі оңтүстіктегі Әл-Қадиссия провинциясының әкімі Халил Жалил Әл-Хамза өлтірілген болатын.
XS
SM
MD
LG