Accessibility links

Кісі ұрлаушылардың тұтқынында болған неміс әйелі босатылды


КАБУЛ: Ерімен бірге Кабулдың бір мейрамханасында түсі асын ішіп отырған кезінде кісі ұрлаушылар алып кеткен неміс әйелін ауған полициясы арнайы операциясының нәтижесінде босатып алды. Ішкі істер министрі Зарар Ахмад Муқбалдың хабарлауынша, қайырымдылық ұйымында жұмыс істеген 31 жастағы Кристина Майэр жексенбі күні Кабулдың батысында босатылды. Берлинде Германияның сыртқы істер министрлігі әйелдің қауіпсіз жерге – “Кабулдағы неміс елшілігіне” жеткізілгенін растады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG