Accessibility links

Қазақстан оппозициясы сайлауда берілген дауыстарды қайта есептеуді талап етеді


АСТАНА: Қазақстандағы сенбі күнгі кезектен тыс парламент сайлауының бастапқы қорытындысы бойынша, парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліс – сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен “Нұр Отан” партиясының депутаттарынан ғана тұратын болды. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, өзге саяси партияның бірі де 7 пайыздық межеден өте алмады. “Ақ жол” партиясы сайлаудың нәтижесімен келіспейтінін және мойындамайтынын мәлімдесе, оппозициядағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы: “сайлау – бір партиялық саяси жүйеге қайтарды” деп мәлімдеді. Халықаралық бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды “халықаралық стандарттарға лайық емес” деп бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG