Accessibility links

Егде жаста әлсіз сүйек пен артық салмақ сусамыр дертінің бір себебі


Егде тарқан сайын әлсіздене түсетін адам сүйегі мен оның артық салмағы сусамыр ауруына алып барады екен. Одан құтылу жолдары қандай?

Колумбия университетінің Медицина орталығындағы Генетика және даму департаментінің басшысы Жерард Карсенти және оның әріптестерінің дәлелдеуінше, адам сүйегі остеокальцин деп аталатын гормонды бөліп шығарады. Ол гормон өз кезегінде қан құрамындағы қанттың мөлшерін реттеумен айналысады екен. Бұл жөніндегі мақала таяуда “Сел” атты басылымда жарық көрген болатын. Карсентидің айтуынша, молекулалық деңгейде зерттеу жүргізе отырып, егде жас пен әлсіз сүйек және артық салмақ арасындағы байланысты олар зерттеп шықты. Бұл сауал төңірегінде дәрігерлердің бірнеше ғасырлар бойы зерттеулер жүргізіп келе жатқаны тағы белгілі.

Әрине, салмақ қосқан адамның бәрі 2-ші топтағы диабет, яғни сусамыр ауруына шалдығады деген сөз емес. Дей тұрғанмен, 90 пайыздық жағдайда ол әсердің тікелей екендігі дәлелденіп отыр. Карсенти және оның әріптестерінің тышқанға жүргізген тәжірибесі барысында ағзасында остеокальцин жоғары болған тышқанның диабет-2 ауруына ұшырау мүмкіндігі азайған. Ондай тышқан салмақ қоспастан және диабет-сусамыр болмастан өте майлы тамақтарды еркін жей береді екен. Тышқан мен адам ағзасы бірдей болмаса да, адамға қатысты да осындай дәру жолдары тез табылар деп Карсенти үміт айтуда. Келесі тәжірибе маймылдарға жасалмақшы. Содан кейін сынақ адам ағзасында өтетін болады, дейді ғалымдар. Диабет ауруынан әркім әртүрлі жолмен сақтанады. Соның бір жолы - аэробика және басқа да күш беретін жаттығулар жасау, дейді ғалымдар. Сондай-ақ сүт, ірімшік, тофу, дәнек, балық және тахини тағамдарында кальций көп. Оларды күнделікті тұтынуға ұмтылу керек, дейді мамандар. Диабет ауруы 2030-шы жылға қарай өсе түседі, деген қауіп бар, дейді ғалымдар.
XS
SM
MD
LG