Accessibility links

Уақыт машинасының теориялық негізі жасалды

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

“Физикалық шолу” атты журналда жарияланған мақаласында Хайфада орналасқан Израйль технология институтының физик ғалымы Амос Ори уақыт машинасының теориялық жобасын жасаған екен. Оның уақыт машинасы өмір сүру үшін сыртқы ғарыштағы бос кеңістікті талап етеді.

Оридің айтуынша, уақыт пен кеңістік өткенмен байланыс жасауға ұмтылады. Сол арқылы өткен уақытқа қайтып орлау мүмкіндігі туындауы кәдік. Қазіргі адамзат баласы кейінгі заманға қайта бара алмайды, себебі ол кездегі ата-бабаларымыз уақыт байланысын орнатпады, дейді ғалым.

Егер біз қазір сондай байланыс орната алсақ, онда келер ұрпақтар біздің қазіргі кезеңімізге сапар шеге алады, дейді Ори. Өткен немесе келер уақытқа сапар шегудің өте тар мүмкіндіктерін бейнелейтіндей етіп ол математикалық үлгіні ұсынып отыр. Ал, келесі бір физик ғалымдар мұндай сапар шегу теория жүзінде де мүмкін емес деген идеяларын алға тартуда.
XS
SM
MD
LG