Accessibility links

Пәкістанның қуғында жүрген бұрынғы үкімет басшысының елге оралуына рұқсат берілді


Науаз Шариф 7 жылдық қуғыннан кейін елге орала алады, деп тамыздың 23-інде Пәкістан Жоғарғы соты шешім шығарған болатын. Мұның өзі президент Мушарафтың беделін әлсірете түскендей. Шарифті 1999-шы жылы Мушараф бастаған топ қызметінен кетіріп, өмірлік түрмеге отырғызу шешімін шығарған еді. Шариф мырзаға салық төлеуден жалтару, сатқындық және шабуыл жасау сияқты айыптар тағылған болатын. Ол қазір 6 партия одағынан пайда болған ірі партияға басшылық жасауда. Науаз Шариф мүмкіндігінше тез арада елге оралып, президент Первез Мушарафты сайлауда жеңуге тырысатындығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG