Accessibility links

Ауғаныстанда екі ауғандық пен екі канадалық сарбаз қаза тапты


Бүгін Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясындағы Герешк қаласында талибан жасақтары қойған деп күдіктелген бомба жарылысынан екі бейбіт тұрғын мен екі канадалық әскер қаза болды. Жергілікті басшы Абдул Манафтың айтуынша, ол шабуыл Ауған полициясы мен бұл аймақты күзететін әскери көліктерді нысанаға алған. Сонымен қатар, осы аймақтағы Канада әскерилері сәрсенбі күнгі шабуылдар кезінде өздерінің екі сарбазы мен аудармашысы құрбан болып, екі журналист жараланғанын хабарлап отыр.
XS
SM
MD
LG