Accessibility links

Ресей зымырандық дауды қолдан жасады деп Грузияны айыптап отыр


6 тамыз күні Ресей ұшағы Грузияның әуе кеңістігіне кіріп кетіп, зымыран тастады деген айыпты Ресей жағы жоққа шығаруда. БҰҰ-ғы Ресей елшісі Виталий Чуркин сейсенбі күні Нью-Йоркте Грузия тарабының тағып отырған айыптары негізсіз, шындыққа жанаспайды деп атап көрсеткен. Чуркиннің сөзіне қарағанда, зымыран әуеден тасталмаған, ол басқа жақтан сүйреп әкелінген болуы керек. Ал оқиғаны тексерген тәуелсіз сарапшылар тобы Ресей ұшақтары Грузияның әуе кеңістігіне бұзып кірді деген пікірді қолдау жағында.
XS
SM
MD
LG