Accessibility links

Шанхай ұйымы Ауғанстанмен ынтымақтастықты арттыратын болады дейді аталған ұйымның бас хатшысы


Оның айтуынша, экономикалық ынтымақтастықпен қатар, лаңкестікке және заңсыз есірткі тасымалына қарсы бірлескен күрес шаралары арттырылады. Болат Нұрғалиев бүгін Бейжінде сөйлеген сөзінде Ауғанстанда тұрақтылықтың болмауы, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше алты елдің де қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп атап көрсетті. Шанхай ұйымына Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдері мүше. Нұрғалиев сондай-ақ 2008 жылы Шанхай ұйымы Ауғанстанға қатысты аймақтық конференция өткізуді жоспарлап отыр деді.
XS
SM
MD
LG