Accessibility links

Иран мен Халықаралық атом қуаты агенттігі Тегерандағы келіссөздер біршама сәтті аяқталды деп хабарлады


Ал МАГАТЭ-дегі АҚШ елшісі келісімдер шектеулі бір шеңберде жасалған, ол Иранның ядролық нысандарына тексерісті кеңейтуге мүмкіндік бермейді деп сынады. Грегори Шультенің пікірінше, Иран уақыт созып, өзінің ядролық бағыттағы басты мақсаттарынан назарды басқа жаққа аударғысы келеді. Иран мен Халықаралық атом қуаты агенттігінің өкілдері алдағы екі айдың ішінде ядролық бағдарламаға қатысты шешілмеген мәселелерді қарастырамыз деп келіскен болатын. Келісімнің нақты баптары кейінірек жария болады. Президент Махмұд Ахмединежад БҰҰ-ның ешқандай санкциясы Иранды ядролық технологиясын дамытудан бас тартқыза алмайды деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG