Accessibility links

Диана ханшайымның қазасына 10 жыл толуына байланысты рәсімге Чарльздің екінші әйелі қатыспайды


ЛОНДОН: Британ тағының мұрагері – Чарльз ханзаданың жары - герцогиня Камилла Диана ханшайымның қазасына 10 жыл толуына байланысты аза тұту рәсіміне қатыспайды. Камилланы осы рәсімге марқұм ханшайымның 2 ұлы – Уильям мен Гарри ханзадалар шақырған болатын. Бірақ герцогиня өзінің рәсімге қатысуы жұрт назарын аударады деп есептеп, оған бармайтын болып шешті. Диана ханшайымды еске алу рәсімі оның қаза болған күні – 31-інші тамызда өтпекші. Оған 500-дей қонақ келуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG