Accessibility links

Венесуэла президенті өз армиясын Ресей қаруымен қаруландырып жатыр


КАРАКАС: Венесуэла президенті Уго Чавес Ресейден 5 мың мерген мылтық сатып алуды жоспарлап отыр. Теледидардан апта сайын сөйлейтін сөзінде Чавес оптикалық дүрбісі және түнде көруге мүмкіндік беретін инфрақызыл сәулелі жабдығы бар “Драгунов” мылтығының 5 мыңын сатып алуды жоспарлағанынын мәлімдеді. “Венесуэла – басып кірмек болған кез-келген империалиске тойтарыс береді”, деп мәлімдеген У.Чавес Америка Құрама Штаттарын айтып отырса керек. АҚШ-ты жиі ащы сынайтын Венесуэла президенті Ресейден реактивті соғыс ұшақтары мен тікұшақтарын және 100 мың дана “Калашников” тезатарын сатып алды.
XS
SM
MD
LG