Accessibility links

Олимпиада ойындары өмірге келген көне Олимпия қалашығы өрттен аман қалды


АФИНА: Грекияның едәуір бөлігін жайпап өткен өртпен арпалысқан өрт сөндірушілер көне храмдар мен Олимпиада ойындары дүниеге келген ежелгі Олимпия қалашығын тілсіз жаудан құтқарып қалды. Ресми билік өкілдері хабарлағандай, Еуроодақ елдерінен шақырылған арнайы ұшақтардың көмегіне сүйенген армия бөлімдері мен өрт сөндірушілер көне тарих ескерткіштеріне төнген өрттің бетін қайтара алды. Сонымен қатар Грекия үкіметі соңғы күндері кем дегенде 60 адамның қазасына себеп болған өртке қатысы бар адамдарды ұстауға көмек берген адамдарға1 млн. еуро сыйақы тағайындады.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG