Accessibility links

Грециядағы өртпен күресу үшін халықаралық көмек келе бастады


Елдің оңтүстігіндегі Пелопоннесе түбегіндегі өрттерден кем дегенде 53 адам қаза болған. Франция мен Италия өрт сөндіргіш ұшақтарын жіберді. Дүйсенбіде Грецияға Сербия мен Испания көп ұшақтар жөнелтпекші. Германия, Нидерландия, Израйль, Румыния, Норвегия және Словениядан өрт сөндіргіш тік ұшақтар келмекші. Бірнеше жүздеген үйлер мен 70 мың гектардай жер өртке оранып, санаққа қарағанда 190-дай өрт ошағы болған екен.
XS
SM
MD
LG