Accessibility links

Пәкістан ядролық оқтұмсығы бар “Найзағай” зымыранын сынақтан өткізді


ИСЛАМАБАД: Пәкістан ядролық оқтұмсықты алып ұша алатын “Hatf-VIII” атаулы жаңа қанатты зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Ол туралы Пәкістанның қарулы күштері хабарлайды. Осы хабарға сәйкес, арабша “Raad” немесе “Найзағай” деп аталатын жаңа зымыран ядролық оқтұмсықтың барлық түрін алып 350 шақырым қашықтыққа жете алады. Зымыранды бастан-аяқ Пәкістанның өзі құрастырып шығарды. Ядролық қаруы бар 2 көрші ел - Үндістан мен Пәкістан – соғыс зымырандарын жетілдіру үшін жиі сынақ өткізіп тұрады.
XS
SM
MD
LG