Accessibility links

АҚШ сенаторы Дж.Бушты Ирақтан АҚШ әскерін шығара бастауға шақырады


ВАШИНГТОН: Кеше радиодан берілген сөзінде АҚШ президенті Дж.Буш: “соңғы бірнеше айдың ішінде АҚШ әскері Ирақта оң нәтижеге жете алды”, -деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, демек Ирақта өзгерістердің болуы әбден мүмкін, бірақ ондай өзгерістерге жету үшін төзімділік керек. Ал осы аптаның ішінде Республикалық партиядан сайланған беделді АҚШ сенаторы Джон Уорнер Дж.Бушты жыл соңына қарай Ирақтан АҚШ әскерін шығара бастауға шақырды. Осындай қадамымен Вашингтон Ирақ үкіметіне АҚШ-тың көмегі “мәңгілік жалғаса бермейтінін” аңғартады, деп атап көрсетті сенатор Уорнер.
XS
SM
MD
LG