Accessibility links

Грекияның оңтүстігіндегі ормандардың өртінен 50 адам қаза тауып үлгерді


АФИНА: 50-дей адам қаза болған өртке төтеп беру үшін Грекия үкіметі жалпыұлттық төтенше жағдай жариялады. Грек премьер-министрі Костас Караманлис өрттің шығуына қасақана өрт қоюдың себеп болуы мүмкін, егер сол расталса, онда үкімет айыптыларды іздеп тауып, жазаға тартады, деп ескертті. Осы күні от жалыны Пелопоннес түбегі мен Эвиа аралын және Грекия астанасы – Афина қаласының маңайын қамтып, 100-деген тұрғын үй мен ферма өртенді, мыңдаған халық баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Еуропа Одағы мүше мемлекеттер көмекке өрт сөндірушілері мен өрт сөндіретін ұшақтарын жіберді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG