Accessibility links

Грекияның от жалыны қаптаған оңтүстігінде кем дегенде 17 адам қаза тапты


АФИНА: Грекияның оңтүстігіндегі өрт әлі жалғасып, кем дегенде 17 адам қаза тапты және 100-деген адам өрттің қоршауында қалды. Шенеунектердің хабарлауынша, таяудағы ауа райының қатты ысуынан орман-тоғайлар мен ашық алқаптар құрғап қалды. Өрт сөндіретін ұшақтардың әуеге көтерілуіне дауыл жел мұрша бермей, тілсіз жаумен тек жаяу әскер көресуге мәжбүр болып отыр. Бүгін оларға тағы 500 жауынгер мен соғыс ұшақтары көмекке келмекші.
XS
SM
MD
LG