Accessibility links

Ирақ армиясы мен қауіпсіздік күштері елді қорғауға әлі дайын емес


БАҒДАД: АҚШ әскері басшылығының өкілі Ирақтағы АҚШ әскерінің санын қысқартуды “көп кейін шегіну” деп есептейді. Жұма күні Пентагонмен арада болып өткен бейнеконференцияның барысында Бағдадтың оңтүстігіндегі АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Рик Линч Ирақ армиясы мен қауіпсіздік күштері елдің қауіпсіздігін өз бетінше қорғауға келесі жылдың не көктемінен, не жазынан бұрын дайын бола алмайды деп мәлімдеді. Одан 1 күн бұрын Республикалық партиядан сайланған беделді АҚШ сенаторы Джон Уорнер президент Дж.Бушты жыл соңына қарай Ирақтан 5 мың жауынгерді алып кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG