Accessibility links

Солтүстік Кореядағы су тасқыны 200 мың га алқаптағы күріш егістігін шайып кетті


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ы жариялаған мәліметке қарағанда, Солтүстік Кореядағы таяуда болып өткен су тасқынынан 437 мың халық жапа шекті. Корея халық-демократиялық республикасының үкіметі хабарлағандай, тамыз айының басында болған апаттан 300 адам қаза болды немесе хабар-ошарсыз жоғалды. БҰҰ-ының дүние-жүзілік азық-түлік Қорының есебі бойынша, күріш егістігінің 200 мың гектарын немесе 1/5 бөлігін су шайып кетті. БҰҰ-ы халықаралық қоғамды Солтүстік Кореяға 15-20 млн. доллардың көмегін көрсетуге шақырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG