Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ ұшағының тастаған бомбасынан 3 британ жауынгері қаза тапты


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Ұлыбританиямен бірге Ауғанстанның оңтүстігінде 3 британ жауынгерінің қаза болуы себептерін тиянақты тергейді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті осылай деп мәлімдеді. Ауғанстандағы ағылшын әскерінің басшылығы бейсенбі күні Американың соғыс ұшағы байқамай тастаған бомбадан 3 жауынгерінің қаза болғанын хабарлады. АҚШ-тың бомбалаушы ұшақтарын тәліптерге қарсы шайқасы кезінде британ әскерінің өзі көмекке шақыртқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG