Accessibility links

Ауғанстандағы бітімгершілік күштері қатарындағы Польша жасақтары талибандық командирді қолға түсірген


Хабарларға қарағанда, "Пума" деген атпен белгілі талибандық командир қазір Польша күштерінің қолында. Польша жаңалықтар агенттігінің елдің қорғаныс министріне сілтеме жасап хабарлауынша, талибандық қолбасшы Ауғанстанның шығысында тамыздың 16-сы күні қолға түскен. Бірақ бұл ақпарат басқа көздерден расталмаған. Қорғаныс министрі Пуманың іздестірілудегі талибандықтардың тізіміндегі төртінші адам болғандығын және кепілдік тұтқынындағы 19 оңтүстік кореялықты босату үшін айырбасқа талап етіп отырылған бірнеше талибандықтың бірі екендігін айтқан.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG