Accessibility links

АҚШ-та республикандық-сенатор Ирақтан әскерлерді шығаруды бастауға шақырды


Ирақтағы әскерлерді кері қайтару туралы шақыруларға енді ықпалды республикандық-сенатор қосылды. Жақында Ирақтан оралған Джон Уорнер жыл аяғына дейін 5 мың әскерді алып шығу керек деген ұсыныс айтты. Оның пікірінше, мұндай қадам Ирақ үкіметінің ұлттық бірлік пен елде тұрақтылық орнату саласында белсендірек жұмыс істеуіне мәжбүрлейді.

- Мен президентке Ирақтан қанша болса да әскерді шығару керектігін айттым. Сіз егер 160 мың жасақтың қатарынан ең болмағанда 5 мыңын Рождествоны өз үйлерінде қарсы алатын етіп қайтарсаңыз болар еді дедім.

Ал АҚШ-ың барлау қызметтері Ирақ үкіметі мен күштері американдықтардың көмегінісіз алдағы жарты не бір жыл ішінде елдегі жағдайды жақсарта алмайды деген есебін жариялаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG