Accessibility links

МАГАТЭ агентігі Иранның “плутоний проблемасы шешілді” деп есептейді


ВЕНА: Иран халықаралық МАГАТЭ агенттігімен арада өзінің плутоний өндірісін тексеру мәселесін шешті. Плутонийді ядролық бомба жасауға да қолдануға болады. Иранның МАГАТЭ агентігінің веб-сайтына шыққан мәлімдемесінде айтылғандай, халықаралық агенттік Иранның “плутоний проблемасы шешілді” деп есептейді. Иранның жариялаған құжатында уран шикізатын байытатын алдыңғы қатарлы “Р-2” центрофугасына қатысты ғылыми ізденістері туралы сауалдарға Теһранның жауап беретін кестесі көрсетілген. Иран өзі астыртын түрде ядролық қару жасауға ұмтылады деген айыпты теріске шығарып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG