Accessibility links

Ресейдің Бас прокуроры журналист әйелді өлтіруге сырт елде жүргендер мүдделі болды деп мәлімдейді


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Ресейдегі “Новая газета” басылымының саяси шолушысы Анна Политковскаяны қастандықпен өлтірген іс бойынша күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарды қуанышпен қабылдады. Осы іс бойынша 10 күдікті, оның ішінде 3 ағайынды чешен тұтқындалды. Оның алдында Ресейдің Бас прокуроры Ю.Чайка мәлімдегендей, бұл қылмысты Чешенстаннан шыққан әрі тапсырыс бойынша кісі өлтіретін Мәскеудегі қылмыстық топтың көсемі ұйымдастырды. Ол топқа Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері кірген. Бірақ, деп ескертті Бас прокурор, А.Политковскаяны өлтіруге Ресейден тыс елде жүргендер мүдделі болған.
XS
SM
MD
LG