Accessibility links

Талибандар мен кореялық өкілдер тұтқындағыларды босату жөніндегі келіссөзін жалғастырды


Сеулден түскен хабарға қарағанда, талибандар кореялық түұтқындарды босататын болды. Бұл туралы бүгін талибандар мен Оңтүстік Кореялық келіссөз жүргізушілердің тұтқында отырған 19 кореялықты босату жөніндегі қайта басталған келіссөздерінен кейін айтылып отыр. Талибан жасағы шілденің 19-да Ғазни провинциясында 23 кореялықты кепілдікке алған болатын, содан бері екі тұтқын өлтіріліп, екеуі босатылды. Талибандар егер Ауған үкіметі түрмедегі үзеңгілестерін шығарса, қалған 19 кореялықты босатамыз деп келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG