Accessibility links

Құрама Штаттар мен Иран арасындағы теке-тірес тағы да шиеленісе түсті

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

“Иранның Ирақтағы өлтіру әрекеттері тоқтатылуы тиіс” деді АҚШ президенті Джордж Буш тамыздың 28-індегі сөйлеген сөзінде. Соған шамалас уақытта АҚШ-тың Ирақтағы күштері Бағдатта жүрген Иран делегациясын тұтқындады.

Ирақтағы жағдайды бұзғысы келген Иранның әрекеттеріне қарсы тұруға АҚШ-тың Ирақтағы әскеріне бұйрық бердім, - деді Құрама Штаттар президенті Джордж Буш. Невада штатындағы Рено ардагерлеріне сөйлеген сөзінде Буш алайда қандай шараларға бұйрық бергендігін айта қойған жоқ. Иран Ислам Төңкерістік жасағының Құдс күштері экстремистерге қаржылай және қарумен, оның ішінде дамытылған жарылғыш заттарда бар, көмек беруде, дей келіп Буш мырза Ирақтағы күштерді Хизбулланың көмегімен жаттығудан өткізуде, деді. Сонымен қатар АҚШ президенті: “Кісі өлтірушілерге Америка тізе бүкпейді. Сондай-ақ Ираққа көмек қажет кезде оны Америка тастап кетпейді”, деді.

Буштың осы сөздерінен аз ғана бұрын АҚШ-тың Ирақтағы әскері Бағдатта жүрген Иран делегациясын тұтқындаған болатын. Шератон қонақ үйінен олардың көздерін байлап, қолдарына кісен салып, сейсенбіде белгісіз жаққа алып кеткен еді. Ол ирандықтарды АҚШ күштері бүгін таңертең босатты. Бұқаралық ақпарат бұлақтарының жазуынша, әлгі ирандықтар Иранның Энергетика министрлігінің ресмилері боп шықты. Олар электр бекетіне байланысты келісім-шарттарды Бағдатта сөйлесуде екен.

Буштың жоғарыда айтылған сындарынан кейін ымырашылдыққа ешқандай орын қалмағандай еді. Алайда, АҚШ Мемлекеттік департаментінің пікірінше Уашингтон біраз икемділік танытуда. Көмекші өкіл Том Кейсидің айтуынша, Ирақтағы жағдайды жөндеуде Иран оңшыл рөл атқарады, деп олар сенеді екен. “Ирақ көршілерімен болған конференцияда біз Иранның үлкен тобымен кездесіп, әңгімелестік. Себебі, Ирақ мәселесінде оның көршілері маңызды рөл атқарады”, деді Кейси.

Буш пен Кейси сөйлеген дәл сол күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Ирақ болашағына кеңірек ықпал етуді Иран қалайды, деді. АҚШ-тың Ирақтағы саяси билігі қирау үстінде. Сондықтан таяу арада Ирақтағы билік әлемінде бос кеңістік пайда болмақшы. Сол кеңістікті Сауд Арабиясы сияқты басқа да көршілес достарымен бірге және Ирақ халқының көмегімен толтыруға Иран әзір, деді Ахмадинежад. Сауд Арабиясы сүнні мұсылман елі болғандықтан оны Ахмадинежад әдейі атап отыр, дейді мақала ауторы Брифни О’Рорк. Иран шиит мұсылмандары елі.
XS
SM
MD
LG