Accessibility links

Грекияға 7 млрд. доллар шығын келтірген өрт әлі жалғасуда


АФИНА: Грекияның орман-тоғайларындағы өрт елді 7 млрд. доллар шығынға түсірді, деп хабарлайды грек қаржы министрлігі. Тілсіз жаудан кемінде 63 адам қаза болып, 100-деген кісі отқа күйіп, мыңдаған халық баспанасыз қалды. Бірнеше ондаған үй мен 200 мың гектар орман күлге айналды, қаншама мал қырылды. Грек үкіметі апаттан жапа шеккендердің шығындарын өтеуге уәде берді. Өрт - бұрынғыдай күші болмаса да, әлі жалғасуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG