Accessibility links

Бағдадта Иран делегациясы АҚШ әскерінің тұтқынынан босатылды


ТЕҺРАН: Иранның ресми ИРНА агенттігі хабарлағандай, сейсенбі күні Бағдадта Иранның энергетика министрлігі делегациясының мүшелерін күтпеген жерден тұтқындаған АҚШ әскері оларды бүгін босатты. Хабарға қарағанда, АҚШ әскері Ирақ жағымен келісім-шатқа қол қоюға келген Иран делегациясын қонақ үйге аялдаған кезінде тұтқындады. Осы шараның дәл қарсаңында АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы әскерге “Иранның Ирақтағы зұлымдық әрекетіне тойтарыс беруге бұйрық бергенін” мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG