Accessibility links

Түркменстан сыртқы істер министрі Өзбекстанға барды


Түркменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов кеше Ташкентке барды. Мередов өзбек президенті Ислам Каримовтың Түркіменстанға сапары кезінде қол қойылуға тиісті екі жақты келісімдерді дайындау жөнінде келіссөз жүргізді. Каримовтың Ашхабадқа нақты қашан баратыны туралы ресми түрде әлі айтылмады. Сапар барысында Каримов пен Түрменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов энергетика мен ауыл шаруашылығы және транспорт пен туризмге қатысты келісімдерге қол қояды деп күтілуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG