Accessibility links

Түркия президенті жаңа кабинетті мақұлдады


Түркия президенті Абдулла Гул сәрсенбі күні қызметіне кірісіп, жаңа кабинетті мақұлдады. Премьер-министр Режеп Тайып Ердоған жаңа кабинеттің мақсаты көбірек еркіндік пен елдің өркендеуіне қарай жұмыс істеу болады деп мәлімдеді. Шілде айындағы кезектен тыс парламент сайлауында Исламшыл Әділеттік және Даму партиясы жеңіске жеткен соң Абдулла Гул сейсенбі күні парламент тарапынан сайланды.
XS
SM
MD
LG