Accessibility links

Иран мен Түркия Ирақтың күрдтер тұратын облысын зеңбіректерден атқылауда


БАҒДАД: Кеше Ирақтың сыртқы істер министрлігі елдің солтүстік-шығысындағы күрд облысын атқылауын доғаруды талап ету үшін Иранның Бағдадтағы елшісін шақырып алды. Күрдтер облысын зеңбіректерден атқылағаны туралы Теһраннан ешқандай ресми хабар жоқ. Ал осы күні күрд парламенті төтенше отырысын өткізіп, Ирақ үкіметі мен БҰҰ-ын және АҚШ бастаған коалициялық күштерді күрд облысын атқылауын доғару талабымен Иранға және Түркияға қысым көрсетуге шақырған үндеу қабылдады. Күрд шенеунектері Иран зеңбіректерінің шекара аумағын бүгін тағы да атқылағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG